Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 445.84
EUR 490.47
RUB 5.73
CNY 62.87

Алматы облысында «Үшарал-Достық» жолы жабылды

2020 жылдың 11 қаңтар 2020 22:33

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының Үшарал-Достық тас жолы ауа райының қолайсыздығына байланысты жабылды. Республикалық маңызы бар жолда қатты боран соғып, жол мүлдем көрінбейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҚазАвтоЖол» ҰҚ АҚ Алматы облыстық филиалы және «Казахавтодор» ЖШС мәліметі бойынша 11 қаңтарда сағат 21.00-ден бастап республикалық маңызы бар «Үшарал-Достық» тасжолының 83-184 шақырым аралығы ауа райының қолайсыз жағдайына байланысты жабылып, барлық көлік түрлеріне жүруге тыйым салынды.


Жоғары қарай