Ауа райы
Астана 3 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 437.20
EUR 475.32
RUB 5.79
CNY 61.94

Алматы облысында үйі өртенген 7 балалы отбасы баспаналы болды

2020 жылдың 28 ақпан 2020 23:58

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының Талғар ауданында 7 балалы отбасы баспаналы болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жақында ғана Панфилов ауылында 7 баласы бар Шеңгелбаевтар отбасы жалдап тұрып жатқан үй өртеніп, бүкіл жанұя баспанасыз қалған болатын. Бұл жаңалық бүкіл халыққа тарап, көмек қолын созу бойынша бірталай істер атқарылды.

Жағдайды ести сала аудан басшысы Жолан Умаров оқиға орнына барып, отбасына барынша көмек шараларын ұйымдастырды. Сонымен бірге еріктілер тобы құрылып, жанұяға көмек көрсетілді.

Бұл тұрғын үй 4 бөлмелі, 11 сотық жері, моншасы, жер асты қоймасы, басқа да шаруашылық қажеттіліктері бар. Отағасы Бауыржан Шеңгелбаев құрылыста жалдамалы жұмыс жасаса, отанасы Ботагөз Байтоқова балабақша тəрбиешісі. 4 баласы Панфилов ауылындағы №17 мектепте оқиды.





Автор Самал Қабышева
Басты сөздер: Қоғам, Алматы облысы,
Жоғары қарай