Ауа райы
Астана 8 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 389.59
EUR 429.06
RUB 6.05
CNY 55.07

Алматы облысында жалған ақша жасайтын цех табылды

2019 жылдың 12 қыркүйек 2019 21:02

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында жалған ақша жасайтын цех табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға орнынан «EPSON» маркалы түрлі-түсті көшіру аппараты, қағаз кесуге арналған станок, лактар, бояулар, сиялар және ақша купюраларының үлгілері тәркіленді.

«8 қыркүйек күні Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Талғар қаласында 10 000 теңге және 5000 теңге номиналдық жалған ақша купюраларын дайындайтын жасырын цехты ұйымдастырған 1989 жылы туған Қазақстан Республикасының азаматы ұсталды. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 231-бабы 1-бөлігі (Ұлттық банктің жалған банкноттарын өткізу мақсатында дайындау және сақтау) бойынша қылмыстық ісі қозғалды», - деді аталған ведомствоның баспасөз қызметінің өкілі аға тергеуші Идрисова Айнұр Болатқызы.

Ведомствоның мәліметінше, Алматы облысының сауда орындарында осы жалған ақша қаражатын өткізу фактілері анықталды. Тергеу жалғасуда.


Жоғары қарай