Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 389.81
EUR 430.27
RUB 6.06
CNY 54.91

Алматы облысында жер сілкінді

2019 жылдың 25 сәуір 2019 01:34

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының таулы аймағында жер сілкінді. Жер асты дүмпуі 25 сәуір күні 00 сағат 03 минутта тіркелген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Білім және ғылым министрлігі «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі тіркеген зілзаланың ошағы Кеген ауданының таулы аймағының аумағында орналасқан. Яғни Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 118 шақырым жерде болған.

Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, жер сілкінісінің энергетикалық санаты 9.1. MPV магнитудасы - 4. Тереңдігі - 25 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы ақпараттар жоқ.

Жоғары қарай