Ауа райы
Астана -21 °С
Алматы -9 °С
валюта бағамы
USD 386.44
EUR 428.37
RUB 6.06
CNY 54.93

Алматы облысында жер сілкінді

2019 жылдың 13 қазан 2019 19:12

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат – Алматы облысында жер сілкінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ 13 қазан күні Алматы уақыты бойынша 18 сағат 29 минут 50 секундта жер сілкінісін тіркеді.

Зілзаланың ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 470 км қашықтықта Алматы облысының аумағында болған. Зілзаланың энергетикалық класы 10.6. Магнитуасы 4.8 MPV. Бағыты 45.83° солтүстік ендікте, 81.55° шығыс бойлықта. Тереңдігі 10 км. Сезілу деңгейі байқалмайды.

Жоғары қарай