Ауа райы
Астана -12 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 375.87
EUR 406.24
RUB 5.84
CNY 53.45

Алматы облысында жоғалған 2 оқушы басқа қаладан табылды

2020 жылдың 23 қаңтар 2020 09:27

ТАЛДЫҚОРҒАН. Қазақпарат – Алматы облысының Ескелді ауданында қаңтардың 21-і жоғалған қыздар табылды. Оқушылар Алматы қаласы Әуезов ауданындағы пәтерлердің бірінен табылып ата-анасына жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқушы қыздар мектептен кейін үйге қайтпай кетіп қалу себебін Алматы қаласын көргіміз келді деп түсіндірген. Қазіргі таңда екеуі де аман-есен отбасымен қауышты.

Тәртіп сақшылары оқиғаның қалай өрбігенін нақтылап жатыр. Қыздардың ата-аналары балаларының табылғаны және аман-саулығы жайлы бейне түсіріп әлеуметтік желіге жариялады. Олар апалы-сіңілі Ару мен Талшынды іздестіруге жұмылған барша азаматтарды, Ескелді аудандық полиция бөлімінің қызметкерлеріне алғыс айтып ризашылығын білдірді.


Естеріңізге сала кетейік, Ескелді ауданының екі оқушысы Ару Бекберді мен Талшын Қызырбай бір тәуліктен бері табылмай жатқанын бұған дейін хабарлаған болатынбыз.



Автор Самал Қабышева
Басты сөздер: Алматы облысы, Оқиға,
Жоғары қарай