Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 388.70
EUR 428.70
RUB 6.08
CNY 55.46

Алматы облысында жоғалған бір табын сиыр табылды

2019 жылдың 20 қыркүйек 2019 16:24

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының Көксу ауданында бір табын сиыр жоғалды. Жоғалған малды тәртіп сақшылары жылдам тауып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Лабасы ауылындағы екі шаруа қожалығының иесі 26 сиырдың жоғалғаны туралы арызданған. Олардың айтуынша малды бөгде адамдар айдап әкеткен. Шағым ресми тіркелгеннен кейін ауданның тәртіп сақшылары «жоқты» және күдіктілерді іздеуге шығады. Атты және автокөлікті топтар құрылып, ауыл маңын шолып шығады. Нәтижесінде жоғалған сиырлар шаруашылықтан 10-15 шақырым жерден табылған. Өз бетімен жайылып жүрген мал барымташылардың оңай олжасы бола жаздады.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, ірі қара мал иелеріне қайтарылған. Поилцияға хабарласқан азаматтарға өздеріне тиесілі мал мен мүлікке өздері жауапты екендерін түсіндіріліп, тәртіпе сақшыларының сиыр іздеуге біраз уақыт жоғалтқандығы ескертілді.


Жоғары қарай