Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Алматы облысында жолаушылар пойызы мен автобус соқтығысты

2019 жылдың 15 қыркүйек 2019 20:24

ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысында жолаушылар пойызы автобусты қаққан сәт түсірілген видео жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Міне, бізге 19:50-де Шамалған маңында осындай жағдай болды деп хабар келіп түсті. Оқиға орнына дереу шықтық, дәл қазір жолдамыз. Бізге түскен мәлімет бойынша жолаушы пойызы автобусты қаққан. Бірақ оқиға қалай болды, нақты ақпарат қолымызда жоқ. Барып анықтаймыз», - деді Қарасай ауданының әкімі Жандарбек Далабаев.

Бейнежазбада шлагбаум алдында көліктер ұзын-сонар кезекте тұрғанын көруге болады. Осы сәтте жолаушы пойызы келіп автобусты қағады. Видеода адамдардың жанұшыра дауыс шығарып, айқайлап жатқанын естуге болады.

ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің кеңесшісі Руслан Иманқұловтың берген ақпаратқа сәйкес, оқиға Алматы облысындағы Шамалған станциясында болған. Автобус жүргізушісі сигналды елеместен пойыз жүретін жолға шығып кеткен. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.




Жоғары қарай