Ауа райы
Нұр-Сұлтан 21 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 378.38
EUR 431.05
RUB 6.02
CNY 55.00

Алматы облысында жүз жасаған 60 әже тұрады

2019 жылдың 3 наурыз 2019 19:15 1298

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат -  Алматы облысында ғасыр жасаған 60 ақжаулықты әже тұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

8 наурыз халықаралық әйелдер күні қарсаңында ұзақ жасаған нәзік жандыларға құрмет көрсетілмек. 60 кейуананың ішінде ең үлкендері Райымбек ауданының үлесінде. Шәлкөде ауылының тұрғыны Турахан Әбдібаева113 жасқа келсе, 112 жастағы Сұлухан Баятова Қарасаз ауылынан. Дәл осы Райымбек ауданы ұзақ жасайтын аналар санымен де көш бастап тұр. Облыс орталығы Талдықорған қаласында тұратын қарт аналар құрдас болып шықты. Күләнда Мықтыбаева мен Зылиха Қожкенова 104 жаста.

Алматы облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Рустам Алпысбаевтың айтуынша, тізімдегі барлық ақ жаулықты аналарды облыс, аудан және қала басшылары құттықтайтын болады.

 

Автор: Самал Қабышева
Басты сөздер: Алматы облысы,
Жоғары қарай