Ауа райы
Астана 13 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 413.12
EUR 452.86
RUB 5.82
CNY 57.92

Алматы облысындағы коронавирус жұқтырудың жаңа оқиғалары туралы

2020 жылдың 29 наурыз 2020 23:53

Алматы облысында коронавирус инфекциясын жұқтырудың тағы 2 жағдайы тіркелді. 2 жағдай облыстың екі ауданында тіркелген.

Бірінші жағдай – Қарасай ауданы Кемертоған ауылында 1979 жылғы әйелден табылған. Қазір ол Қарасай ауданындағы жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Сегіз адаммен байланыста болған, олардың арасында науқастың жұбайы мен баласы бар. Олар карантинге оқшауландырылды.
Екінші жағдай Еңбекшіқазақ ауданында тіркелді. 1960 жылғы әйел туыстарымен бірге Өзбекстан Республикасы Төрткүл ауылынан тойдан келген. Барлық 14 адам 26 наурызда Есік қаласына үйлеріне оралған. 27 наурызда Түркістан облысынан түскен мәліметтерге сәйкес, олардың барлығы провизорлық стационарға оқшауланды. Карантин барысында бәрінен анализ алынды. Тексеру нәтижесінде аталған әйелден КВИ табылған.
Айта кеткен жөн, 2020 жылдың 29 наурызындағы жағдай бойынша Алматы облысында КВИ-ға шалдығудың 6 оқиғасы анықталды.
Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі

Басты сөздер:
Жоғары қарай