Ауа райы
Астана 8 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 389.59
EUR 429.06
RUB 6.05
CNY 55.07

Алматы облысындағы жарылыс: Ауруханада тағы бір адам көз жұмды

2019 жылдың 1 қыркүйек 2019 18:15

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарт – Алматы облысында өндірістік цехта болған жарылыс салдарынан тағы бір адам көз жұмды. Зардап шеккен 38 жастағы ер адам аурухананың жансақтау бөлімінде жан тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өндірістік цехта болған жарылыс салдарынан зардап шеккен 1981 жылғы азамат 31 тамыз күні сағат 20:20-да аурухананың жансақтау бөлімінде көз жұмды. 1984 жылғы тағы бір науқас травматология бөлімінен жансақтау бөліміне ауыстырылды. Жағдайы өте ауыр. Бірақ есін біледі. Кеше аяғына ота жасалды», - деді Алматы облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің хатшысы Ләйлім Әубәкірова.

Еске салсақ, 31 тамыз күні Қарасай ауданының Райымбек ауылында газбетонды блок шығаратын цехта жарылыс болды. Салдарынан цех ішінара бұзылып, түтін шығатын құбырдың бір бөлігі жеке тұрғын үй секторының аумағына ұшып түскен.

Жарылыс орнында 1961 жылғы ер адамның денесі табылды. Аудандық ауруханаға әртүрлі жарақатпен үш адам жеткізілген еді.


Жоғары қарай