Ауа райы
Астана -22 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 387.14
EUR 428.18
RUB 6.06
CNY 55.23

Алматы облысының әкімдігі вайнерлерге 17 млн теңге бөлмек

2019 жылдың 11 тамыз 2019 11:04

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – Алматы облысының әкімдігі вайнерлерге блог-тур ұйымдастырмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қатысушыларға қойылатын талап қарапайым. Ең бастысы инстаграмм желісіндегі парақшада 1 млн 100 ден аса жазылушы, ал ютуб каналымен жұмыс істейтін блогерде 500 мыңнан аса адам тіркелген болуы керек. 12 адамға 10 млн теңге гонорар қарастырылған шарада қатысушылар Жетісу жерінің көрікті бес жерін яғни, Көлсай мен Қайыңды көлдерін, Шарын шатқалын, Әулие ағаш, Алтын емел ұлттық паркіндегі сакралды жерлерді насихаттауы шарт.

«Жалпы ұйымдастыруға 17 млн теңге бөлініп отыр. Ол 17 млн теңгенің ішінде вайнерлердің жатын орны, жолы, тамақтануы бар.Шара тамыз айының соңына дейін өтеді деп жоспарлап отырмыз. Қазіргі уақытта порталда шараны ұйымдастыруды қай мекеме ұтып алады, сол мекеме өткізетін болады»,-деді Алматы облысы бойынша «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі ЖШС директоры Дана Дүйсенова.

Жоғары қарай