Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 388.81
EUR 429.01
RUB 6.08
CNY 55.49

Алматы облысының ауруханаларына 200-ден аса дәрігер жетіспейді

2019 жылдың 14 қазан 2019 15:26

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының медициналық мекемелеріне 223 дәрігер маман жетіспейді.

Әсіресе акушер-гинекологтар, анестезиолог-реаниматолог, инфекционист және эндокринолог мамандар аса қажет, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық денсаулық сақтау басқарамасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәселен Ақсу аудандық орталық ауруханасына неонатолог пен анестезиолог мамандар жетіспейді.

Алматы облыстық денсаулық сақтау басқарамасының баспасөз қызметінің өкілі Ләйлім Әубәкірованың сөзінше, аталған мекемеге 2 неонатолог пен 1 анестезиолог дәрігер қажет. Бұл жерде аса қажет мамандардың қызметін жоғары санаттағы педиаторлар атқарып отыр. Олар емдеу мекемесінің есебінен қайта даярлаудан өткен. Бұл жұмыстар биыл да жалғасты. Мәселен, балалар анестезиологі реаниматолог мамандығын алған. Жалпы, ауданда 80-нен аса дәрігер еңбек етеді. Соның 70 пайызы жас маман. Осы жылдың өзінде 8 адам «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен жұмысқа орналасты. Алматы және Семей, Томск медициналық университетінің түлектері үшін арнайы бағдарлама дайындалған. Көтерме жәрдемақы алғанға дейін қызметтік баспана беру жағы да қарастырылып отыр.

«Ауданда өзіміздің 17 үйіміз бар. Келген дәрігерге береміз. Осы жерде жағдайын жасап береміз. 150 мың жалақы, үй сатып алуға несие беріледі. 3 млн 800 мың теңге көлемінде», деді Ақсу аудандық орталық ауруханасының директоры Асқар Балтабаев.

Алматы облысына соңғы 10 жылда 2 мыңнан астам медицина маманы келді. Мәселен биыл 296 маман келген. Оның 168-і ауылды жерлерге жұмысқа орналасқан. Халқының саны жыл сайын артып отырған өңірге әлі де 200-ден астам дәрігер қажет. Әсіресе жалпы тәжірбиедегі дәрігерлер, акушер-гиникологтар, хирургтар мен басқа да мамандарға деген тапшылық сезілуде. Сондықтан облыстық денсаулық сақтау басқармасы «жас маман» бағдарламасын әзірлеп, өңірге келген ақ халаттылардың әлеуметтік мәселелерін шешу жолдарын қарастыруда. Сондай-ақ ауылды жерлердегі медициналық мекемелерге жұмысқа орналасқан маманның жалақасына 25 пайыз қосымша төлем қосылуда.

«Медицина қызметінің берілетін қызмет сапасын жоғарылату үшін дәрігерлерге қаралатын адамдардың саны да, жүктеме дейді ғой. Сол тиісті болу керек. Бір дәрігерге 1700 адам қаралу керек. Бүгінгі күнде бұл сан өте жоғары. Сондықтан ол көрсеткішке жету үшін біз дәрігерлер санын көбейтуіміз керек», деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бауыржан Ысқақ.

Жоғары қарай