Ауа райы
Астана 21 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 384.87
EUR 432.52
RUB 6.11
CNY 55.95

Алматы облысының мектебінде 4-сынып оқушысы көз жұмды

2019 жылдың 6 наурыз 2019 19:23 1191

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысы Кербұлақ ауданындағы мектептердің бірінде 4-сынып оқушысы қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алдын ала болжам бойынша, баланың талма ауруы ұстаған. Өлімі қас-қағым сәтте болған.

«Үзіліс кезінде баланың ұстамасы ұстап, ол ес жимастан қайтыс болды. Денесінде зақымдану белгілері жоқ. Бала өлімінің нақты себептерін анықтау үшін медициналық сараптама белгіленді. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр», - дейді Кербұлақ ауданының орталық ауруханасының бас дәрігері Қанат Қалдыбаев.

Сондай-ақ атап өтілгендей, бала жедел жәрдем жеткенше көз жұмған.

Авторы: Хасан Еспанов

 

 

Басты сөздер: Оқиға, Алматы облысы, Аймақ,
Жоғары қарай