Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Алматы облысының полиция бастығы даулы аудиожазбадан кейін қызметінен кетті

2019 жылдың 20 қыркүйек 2019 11:15

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алматы облысының Полиция департаменті жергілікті полиция қызметінің бастығы Марат Күштібаев қызметтік тергеу жұмыстарынан кейін лауазымынан кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айта кетсек, бұған дейін YouTube арнасында Алматы облысы жергілікті полиция қызметінің бастығы Марат Күштібаевтың фотосуреті бейнеленген аудиожазба тарап кеткен болатын. Шағын аудиожазбада полиция бастығы өз қол астындағылардың жұмысын былапыт сөздермен сынайды.

«Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың 2019 жылғы 19 қыркүйектегі бұйрығымен Алматы облысының Полиция департаменті жергілікті полиция қызметінің бастығы уақытша қызметінен босатылды. Жеке қауіпсіздік департаментіне қызметтік тергеу амалдарын жүргізу тапсырылды», - делінген ІІМ баспасөз қызметінің хабарламасында.


Жоғары қарай