Ауа райы
Астана 4 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Алматы облысының тұрғындары жол және мүлік қауіпсіздігіне алаңдаулы

2019 жылдың 15 қыркүйек 2019 15:45

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы облысында Қарасай ауданының тұрғындары жол және мүлік қауіпсіздігіне алаңдаулы, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы облысында «Жолдағы қабылдау» атты ақпараттық-түсіндіру акциясы аяқталды. Акция барысында тұрғындармен тығыз кері байланыс орнату мақсаты қойылды. Осы арқылы азаматтар ішкі істер органдарының жұмысына қатысты өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алды», - дейді Алматы облысы полиция департаментінің Қарасай аудандық полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Асхат Данияр.

Оның айтуынша, екі күнде 100-ден астам адам уәжін айтып келген.

«Азаматтар негізінен жолдағы қауіпсіздік, өңірдегі көші-қонның жағдайына қатысты сұрақтар қойды, жедел бөлімшелердің өкілдерінен мүлік, соның ішінде малының амандығын сақтау бойынша кеңестер алды. Бұдан бөлек, ішкі істер органдарының құзыретіне кірмейтін мәселелер бойынша да сұрақтар қойылды. Оның арасында тұрғын үй, тұрмыстық-коммуналдық қатынастарды реттеуге қатысты сұрақтар да болды. Соттың ғана араласуымен шешілетін азаматтық даулары барлар да келді. Біз әрі заңгер болғандықтан, бірде-бір өтінішті жауапсыз қалдырмадық. Құзыретімізге кірмейтін мәселелерді басқа жергілікті атқарушы органдарға жібердік», - деді Асхат Данияр.

Оның сөзіне қарағанда, келіп түскен өтініштерді талдаудың қажеттігін ескере отырып, әкімшілік полиция, жергілікті полиция қызметі, көші-қон қызметі және басқа да қызметтер мен бөлімшелердің басшыларынан арнайы алқа жасақталатын болды.

«Жолдағы қауіпсіздік пен көші-қон, автокөлікті тіркеу, жүргізуші куәлігін, төлқұжаттар, куәліктер беру, жол қозғалысын ұйымдастыру, көлік құралдарын қайта жабдықтау, әкімшілік құқық бұзушылықтарға айыппұл төлеу мәселелеріне қатысты сұрақтар көп болды», - дейді басқарма бастығы.

Автор: Еламан Тұрысбеков


Басты сөздер: Алматы, Қоғам, Заң,
Жоғары қарай