Ауа райы
Астана -21 °С
Алматы -9 °С
валюта бағамы
USD 386.44
EUR 428.37
RUB 6.06
CNY 54.93

Алматы орталығында жантүршігерлік жол апатынан екі адам мерт болды

2019 жылдың 17 қазан 2019 09:49

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматының орталығында болған 4 көлік соғылған жол апатынан екі адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жол апаты түнгі сағат 01:40-та Алматының Алмалы ауданында болды. 1999 жылғы Алматы облысының тұрғыны БМВ автокөлігін мас күйде жүргізген. Ол Сейфуллин даңғылының бойымен Бөгенбай батыр көшесінің қиылысында бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткен. Осы кезде Бөгенбай көшесімен батыс бағытта Audi маркалы автомобиль кетіп бара жатқан. BMW бар жылдамдығымен келіп Audi көлігіне соқтығысады. Соққы салдарынан Audi көше бойындағы бағанаға және ағашқа соғылады. Ары қарай барып Subaru Forester және Toyota Carina көліктерін соққан.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан 1992 және 1993 жылы туған екі адам ( Audi жолаушылары) оқиға орнында көз жұмды. Әртүрлі дене жарақатын алған алты адам ауруханаға жеткізілді.

«Бұл факт ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігі бойынша, сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде енгізілді. БМВ жүргізушісі дереу ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған қылмыстық істің материалдарын Алматы қалалық ПД тергеу басқармасы өндіріске қабылдады», - деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаменті.

Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Алматы, Оқиға, ҚР ІІМ, Көлік,
Жоғары қарай