Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 389.62
EUR 429.98
RUB 6.06
CNY 55.08

Алматы-Өскемен автожолында 9 жүк көлігі қалып қойды

2019 жылдың 30 қаңтар 2019 21:51

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Республикалық «Алматы - Өскемен» жолы сағат 13:20-да көліктің барлық түрі үшін жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жолдың 852 және 858-інші километрі аралығында күртік қарға батып шамамен 9 жүк көлігі қалып қойған болатын. Тазалау жұмыстары жолдың екі басынан қатар жүргізілді, оған «Қазақавтожол» ЖШС 7 техникасын жұмылдырды. Жолдың қардан тазалануын күтіп тұрған жүк көліктері өз бағыттарымен жүріп кетті.

Боран соғып, көру мүмкіндігі шектелуіне байланысты, жол әлі жабық.

Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінде полиция және төтенше жағдайлар департаменттерінің, сондай-ақ жол қызметтері қызметкерлерінен жедел штаб құрылған.

Жоғары қарай