Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 377.86
EUR 418.74
RUB 6.10
CNY 54.50

«Алматы - Өскемен» тасжолында көлік қозғалысына шектеу қойылды

2019 жылдың 6 желтоқсан 2019 13:11

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Көктайғаққа байланысты «Алматы - Өскемен» тасжолы жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап.

«Көктайғаққа байланысты «Алматы - Өскемен» автожолының 615-768 шақырымы және «Таскескен - Бақты» автожолының 0-75 шақырымында көлік қозғалысына шектеу қойылды. Жолдағы жағдай туралы ақпаратты білу және бөлісу үшін + 7 7172 444 777 нөміріне және +7 771 744 47 77 ұялы телефоны бойынша диспетчерлерге WhatsApp чатына хабарласуға болады» делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін бірқатар өңірде жол жабылғанын хабарлаған болатынбыз.

Жоғары қарай