Ауа райы
Астана -17 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 383.95
EUR 429.26
RUB 6.16
CNY 55.02

Алматы полициясы жалған мемлекеттік нөмір тағып жүрген 50-ден астам көлікті анықтады

2019 жылдың 12 қараша 2019 13:32

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы полициясы жалған нөмір таққан 50-ден астам көлікті анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы тәртіп сақшылары, он күннен бері жалған нөмір таққан көліктерді бейнебақылау камерасы арқылы анықтап жатыр.

«Бүгінгі күні полиция жалған нөмір таққан немесе мүлдем нөмірі жоқ көліктерді автоматтандырылған ақпараттық жүйе арқылы анықтайды. Бұл камералар жол жүру ережесін бұзған автокөлік жүргізушісін жылдам табуға мүмкіндік береді. Автоматтандырылған ақпараттық іздестіру жүйесі көлік құралының тіркелуі туралы ақпараттарды тексереді. Бейнежазбадағы автокөлік деректері техникалық төлқұжатты тіркеу деректері мен мемлекеттік нөмірі техникалық төлқұжатымен сәйкес келмеген жағдайда кезекші инспекторлар сол көлікті анықтауға және ұстауға жіберіледі», - деді Алматы қалалық ПД жедел іздестіру басқармасының бастығы Андрей Квашнин.

Алматы полициясы жалған мемлекеттік нөмір таққан «Лексус» автокөлігін ұстады. Тексеру нәтижесінде аталған көлік иесінің 200-ге жуық жол жүру ережесін бұзғаны анықталды.

«Оған қатысты әкімшілік шаралар қолданылды. Көлік мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды. Жүргізушіге келетін болсақ, ол көлік құралын басқару құқығынан айырылады»,- деді Андрей Квашнин.

Спикердің мәліметінше, соңғы 10 күнде мегополис жолдарында 50-ден астам жалған нөмір таққан көлік және мүлдем нөмері жоқ 100 автокөлік анықталды.

Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Алматы, Қоғам, ҚР ІІМ, Көлік,
Жоғары қарай