Ауа райы
Нұр-Сұлтан 8 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 379.36
EUR 424.47
RUB 5.88
CNY 54.95

Алматы прокуратурасы актриса қаза тапқан жол апатына қатысты пікір білдірді

2019 жылдың 2 ақпан 2019 17:23 930

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы прокуратурасы Абай және Сейфуллин көшелерінің қиылысында болған атышулы жол апатына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі күні үш адамның өмірін алып кеткен жол апатын жасап, қашып кетті деп күдікке ілінген Ілияс Карға қатысты қылмыстық тергеудің әділдігіне күмән туғызатын түрлі ақпараттар тарап жатыр. Айта кету керек, сотқа дейінгі тергеу толыққанды жүргізілген, барлық талаптарға сай», - деп мәлім етті қадағалаушы орган.

Қазіргі таңда іс сотқа жолданған.

«Оқиғаның мән-жайына және күдіктінің іс-әрекеттеріне сотта объективті баға беріледі» дейді прокуратурадағылар.

Еске сала кетейік, 29 желтоқсан күні болған жол апатында үш адам, соның ішінде белгілі актриса Шолпан Елгезекова қайтыс болған еді. Іс сотқа 29 қаңтар күні жіберілді. Кеше бірқатар БАҚ қайтыс болғандардың бірінің туысына сілтеме жасап, сараптама кезінде Gelandewagen жүргізушісінің қанынан алкоголь табылмағанын хабарлаған болатын.

Ал Алматы полициясы сол күні күдіктінің жол апаты кезінде мас болғаны тергеу жолымен дәлелденгенін жеткізді.



Автор: Данияр Дәуітәлиев

 

 

Перевод: Жанат Қапалбаева
Басты сөздер: Оқиға, Алматы,
Жоғары қарай