Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы 13 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Алматы «шетсіз қала» болуы керек - Бақытжан Сағынтаев

2019 жылдың 19 қыркүйек 2019 17:52

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев мегаполис алдында тұрған міндеттер туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бақытжан Сағынтаевтың айтуынша, Алматы еліміздегі көшбасшы қала ретінде жылына 5% экономикалық өсім беруі тиіс. Өткен жылы ЖАӨ физикалық көлемінің индексі небәрі 2,8% өсті – бұл халық өсімінің қарқынынан (2,9%) төмен.

Маңызды міндет — еңбекпен қамту құрылымында қайшылықтарды жою, білім, денсаулық сақтау, кәсіби және ғылыми-техникалық іс-қимыл, ақпараттық технология енетін әлеуметтік экономика үлесін арттыру.

«Халық табысының өсуі өмір сүру және көшу шығындарынан артық болуы тиіс. Үлкен қала шығындарды азайтудың ауқымды ықпалын ұсына алады. Мұның мәні - белсенділік пен ынтымақтастықта», - деп атап өтті Б. Сағынтаев.

Ол сонымен қатар қала экономикасының перспективалы «өсу нүктелерін» атап өтті. Олар: логистика, құрылыс, қаржы және сақтандыру, ақылды индустрия, сән индустриясы, өнер, ойын-сауық, туристік индустрия және жылжымайтын мүлік саласындағы операциялар.

Алматы технологияда, денсаулық сақтауда, халықаралық бизнесте, менеджментте, табиғи экожүйелерді басқаруда, өзге де қалаға қажет салаларда кәсіпкерлер, мамандар үшін үздік ортаазиялық әлеуметтік лифт болуы тиіс.

«Яғни, Алматыда «алматылық арман» («америкалық арманға» ұқсас) орындалуы тиіс. Алматыда адами капитал өз ісінің білгірлері арқылы дамып, әр өңірден дарындарды тартып, қала тұрғындары арасында бәсекеге қабілетті арттыруы қажет. Сонда ғана инвестиция, компетенциялар мен инфрақұрылым біздің қаламызды дамытудың шынайы векторына айналады»,- деді қала басшысы

Алматылықтардың өмір деңгейінің сапасын арттыру үшін кешенді мәселелерді шешу қажет. Олар – экология және қоғамдық қауіпсіздік, сапалы білімнің қолжетімділігі, денсаулық сақтау, әлеуметтік сервис, ауқымды тұрғын үй құрылысы, қаланың инфрақұрылым базасын модернизациялау, абаттандыру мен жасылдандыру.

«Ең соңғысы, Алматының әлеуметтік-экономикалық дамуында «Орталық – шет» желісінде базалық айырмашылықты жою», - дейді Б. Сағынтаев.

Әлеуметтік жағдайда «екі Алматы» қалыптасып отыр. Жетілген, жайлы және қолайлы орталық және артта қалған жетілмеген шет аймақ.

«Менің позициям мынандай: мегаполистің барлық аудандарында тұрғылықты жерлеріне қарамастан, алматылықтардың өмір сүруі үшін жоғары стандартты қамтамасыз ету. Мен қаламыздың «Шетсіз қала» болуын жақтаймын. Заманауи қалалар орталықтандырылған, әр ауданның өз тартымдылығы және өсу драйвері болады. Ірі мега-қалаларда кері процесстер жүреді, яғни адамдар қала маңына қоныстана бастайды. Өйткені оларда өмір сүру деңгейі жоғары. Демек, қала инфрақұрылымын дамытуда аймақтық пен жергілікті орталықтардың дамуы ескерілуі тиіс»,- деп қортындылады Алматы әкімі.


Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Алматы, Әкім,
Жоғары қарай