Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 384.97
EUR 427.12
RUB 6.04
CNY 54.75

Алматы тұрғындары Еуропадан пошта арқылы есірткі алдырып, сатып келген - ҰҚК

2019 жылдың 14 қараша 2019 11:48

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті Еуроодақ елдерінен Қазақстанға пошта арқылы синтетикалық есірткі жеткізетін контрабандалық арнаны ұйымдастырған топтың жолын кесті. Бұл жөнінде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Сонымен, 6 қарашада пошта бөлімшесінде жедел-іздестіру шараларын жүргізу нәтижесінде 968 психотроптық таблетка табылды. Сондай-ақ, Германия арқылы Нидерландыдан контрабандалық есірткі жеткізуге қатысы бар Алматы қаласының екі тұрғыны - «К» және «Д» ұсталды.

«Ұсталған «К»-ның тұрғылықты жері бойынша шамамен 1.5 кг «гашиш» есірткісі мен 30 г мефедрон алынды. Алынған заттар сот-химиялық сараптамаға жолданды. Есірткі құралдары мен психотроптық заттарды интернет-дүкен арқылы өткізіп отырған» делінген хабарламада.

Осы дерек бойынша ҚР ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті ҚК 297-бабы 3-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғады. Ұсталған адамдар Алматы қалалық полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды, сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Жоғары қарай