Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 384.97
EUR 427.12
RUB 6.04
CNY 54.75

Алматы жалпықалалық дизайн кодқа қашан өтеді

2019 жылдың 12 қараша 2019 12:44

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы жалпы қалалық дизайн кодқа ауысатын болды. Жаңа концепция туралы әкімдікте өткен баспасөз мәслихаты барысында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Дизайн-код жасалды. Негізінен жаңа концепция Алматыдағы әр ғимаратты сақтауға, ұқыпты ұстауға жасалған. Тұжырымдамаға негіз ретінде канадалық қала құрылысын реттеу жүйесі алынды. Егер үйдің қасбетін өзгерту керек болса, белгілі бір талапқа сай өзгертетін болады. Әлбетте, адамдардың бәрі ғимаратты ұстап отыруға ақша төлейтіні рас. Оларға барып терезеңді, қасбетіңді ауыстыр деп ешкім мәжбүрлемейтін болады», - деді Алматыдағы қала жоспарлау және урбанистика басқармасының басшысы Алмасхан Ахмеджанов.

Оның айтуынша, баспана иелеріне таңдау беріледі.

«Егер адам сары үйдің балконын көкке бояғысы келсе, оған дизайн кодтағы талапты көрсетеміз. Тұрғындар өзін-өзі бақылайтын жүйе болады. Ғимараттарды ұстап тұру мен пайдалану саласында бірқатар бизнесте өсім болады деп сенеміз», - деді А.Ахмеджанов.

Жоғары қарай