Ауа райы
Нұр-Сұлтан 27 °С
Алматы 30 °С
валюта бағамы
USD 378.38
EUR 431.05
RUB 6.02
CNY 55.00

Алматы-Жетіген жолында көлік қаққан екі адамның бірі мерт болды

2019 жылдың 24 наурыз 2019 18:30 1178

ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат  - Алматы-Жетіген тас жолында екі адамды көлік қағып, 1974 жылғы  әйел мерт болды. Ал екіншісі 48 жастағы ер адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқыс оқиға бүгін 23-ші наурыздан 24-не қараған түні болған. Оқиғаны облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі растады

«Бұл факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-тармағы бойынша сот-алды тергеу басталды. Іс облыстық анықтау басқармасының өндірісінде», - деді   аталған ведомство қызметінен.

Қазір екі адамды қаққан Toyota Ipsum көлігі айыптұрағына қойылған. Ал зардап зеккен 48 жастағы ер адам Өтеген батыр ауылындағы ауруханада жатыр.

Жоғары қарай