Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 389.75
EUR 434.26
RUB 6.12
CNY 55.05

Алматы зообағында барысқа эвтаназия жасалды

2019 жылдың 19 қыркүйек 2019 17:17

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы зообағында Стелла атты барысқа эвтаназия жасалды, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.

Бұл туралы зообақтың ресми аккаунтында жазылды.

«Бүгін зообақта мұңды күн. Стелла атты барысымызды денсаулығының нашарлауына байланысты өлтіруге тура келді. 2004 жылы туған жануар 2011 жылы зообаққа Ресейден әкелінген болатын. Негізі барыс 12-15 жыл өмір сүреді. Барлық қызметкерлер оны жақсы көретін. Соңғы аптада оның жағдайы қиындап кетті. Ветеринарлар емдеу курсын жүргізгенмен, беті бері қарамады. Шұғыл түрде мықты клиникалардың ветеринарлары мен ҚазҰАУ профессорларынан консилиум жиналды. Консилиум бірауыздан EAZA, WAZA, EARAZA халықаралық қауымдастықтарының ережелеріне сүйене отырып Стеллаға инъекция салу туралы шешім қабылдады»,- деді зообақтан.

Жануардың неден өлгені мүрдеге жасалған қорытындыдан соң белгілі болады.


Автор Гүлмира Ғосманәли
Басты сөздер: Алматы, Экология,
Жоғары қарай