Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 389.81
EUR 430.27
RUB 6.06
CNY 54.91

Алматыда 1,1 млн сайлаушы тіркелген

2019 жылдың 23 мамыр 2019 21:48

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда президент сайлауы алдындағы дайындық жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

20 мамыр күнгі жағдай бойынша алматылық дауыс берушілер саны 1 130 792 адамды құраған. Аумақтық сайлау комиссиясының мәліметінше, қала бойынша 563 сайлау комиссиясы жұмыс істемек. Оның тоғызы қалалық және аудандық деңгейде бақылау жүргізеді. Қалған 554 комиссия учаскелік деңгейде қызмет көрсетпек.

«Жергілікті сайттарға онлайн тізім орнаттық. Сол арқылы кез келген тұрғын өзінің қай учаскеде дауыс беретінін біле алады. Бұдан бөлек сайлау учаскелерінің мекенжайы мен телефондары жазылған парақтар таратып жатырмыз. Дайындық негізінен аяқталды» дейді қалалық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Құралай Күмісбаева.

Сайлау күні алматылықтарға 4845 комиссия мүшесі қызмет көрсететін болады. Тұрғындар өзі туралы сайлау мәліметтерін 25 мамырдын бастап тексере алады. Тізімде болмаған адамдар халыққа қызмет көрсету орталықтарының мамандарына жүгінетін болады. Осы және өзге де сұрақтар бойынша сайлау комиссиясының +7 (727) 224 22 22 нөмірі жұмыс істейді.

Жоғары қарай