Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 386.30
EUR 428.14
RUB 6.08
CNY 54.87

Алматыда 11 жасар бала жоғалып кетті

2019 жылдың 21 қараша 2019 18:03

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда 11 жастағы мектеп оқушысы Артур Федеров жоғалып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бала 17 қарашада Станционная мекенжайы бойынша орналасқан тәтесінің үйінен шығып кеткен.

Сол уақыттан бері ол үйіне оралмаған.

«Баланың ата-анасы қайтыс болған. 2019 жылдың басынан бастап «Жанұя» балалар үйінде тәрбиеленіп келеді. Демалыс күндері баланы тәтесі алып кетіп жүрген. Бұл жолы да тәтесі 15 қарашада баланы интернаттан алған, 17 қарашада қайта апаруы тиіс болған. Бірақ, бала үйден қашып кетеді. Шұғыл іздестіру тобы құрылды. Баланың түр-сипаты туралы хабарлама қаланың барлық аудандарына таратылды. Бала аман-есен табылады деген үміттеміз», - деді қалалық полицияның жасөспірімдер ісі бойынша полиция бөлімінің басшысы Лейла Әліпбаева.

Баланың бетінде секпіл көп, саусағында қалы бар. Үстінде сұр жемпір, қоңыр күрте, аяғында қара кроссовки болған.

Автор Гүлмира Ғосманәли
Басты сөздер: Алматы, Оқиға, ҚР ІІМ,
Жоғары қарай