Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 447.60
EUR 489.41
RUB 5.71
CNY 63.05

Алматыда 15 жастағы мектеп оқушысы жоғалып кетті

2020 жылдың 21 ақпан 2020 10:57

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда 15 жастағы мектеп оқушысы іздестірілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жоғалып кеткен оқушы туралы ақпарат қалалық білім басқармасының Facebook парақшасында пайда болды. Күнту Шерхан Тұрмаханбетұлы 8 сыныпта оқиды.

Ол 20 ақпан күні сағат 14:30 үйден шығып, осы уақытқа дейін оралмаған.

Баланың ата-анасы полицияға кеше кешкі сағат 21-де хабарласқан. Баланы іздеп табу үшін арнайы топ құрылды. Оның құрамына ювеналды және криминалдық полиция қызметкерлері, учаскелік инспекторлар бар.

«Іздеу жұмыстарына волонтерлер де тартылды. Қазір қаладағы барлық сауда үйлері мен компьютерлік клуб қызметкерлеріне баланың суреті таратылды. Іздеу жұмыстары түнде басталды. Бала аман–есен табылады деген үміттеміз», - дейді қалалық ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.


Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Қоғам, Оқиға, Алматы,
Жоғары қарай