Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Алматыда 180 діни бірлестік жұмыс істейді

2019 жылдың 21 қыркүйек 2019 16:01

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматы қалалық Діни бірлестіктер басшылары клубы осыдан үш жыл бұрын Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен құрылған. Мақсаты – діни бірлестіктер мүшелері арасында қарым-қатынасты күшейтіп, бейбітшілік, ынтымақты насихаттау, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қаласындағы діни бірлестіктер клубының басшысы Кәкімжан Бишмановтың айтуынша, клуб жұмысының мақсаты – түрлі сенімдер мен діндерді ұстанушылар арасында конфессияаралық және дінаралық диалог пен келісімді сақтау және нығайту; өзара түсінісушілікті, сыйластық пен серіктестікті дамыту, мемлекет басшысының Рухани жаңғыру бағдарламасында көрсетілген іс- шараларды жүзеге асыру.

«Клубтың міндеті мемлекеттік-конфессияаралық қатынастардағы өзекті тақырыптарды талқылау үшін діни бірлестіктер басшыларының ай сайынғы жиынын өткізу. Клуб мүшелерінің мүмкін болатын қызмет саласы діни сенім бостандығындағы, қоғамдағы рухани келісімді нығайтудағы және конфессияаралық қатынастарды үйлестірудегі Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтарын қамтамасыз ету саласында мемлекеттік саясат мәселесі бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу болып табылады»,-дейді Кәкімжан Бишманов.

Клуб мүшелері Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысына қатысып, діни сенім бостандығы туралы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар жасай алады. Қазіргі уақытта клуб құрамына әр түрлі діни бірлестіктердің 40 өкілі кіреді.

«Клуб мемлекеттік саясаттың негізгі конфесcияаралық және ішкі конфессиялық қатынастар саласындағы принциптерді түсіндіру бойынша этно-мәдени орталық өкілдерімен кездесулер ұйымдастырамыз. Клуб мүшелері көптеген іс шаралар өткізеді. Мысалы, 1931-1933 жылдардағы жаппай ашаршылық құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоқтарын қоюды дәстүрге айналдырдық. «Астананың 20 жылдығына» арналған дөңгелек үстел өтті. Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған конференцияға қатысты. Алматыдағы діни ұйымдар арасында үстел теннисінен турнир өтті. Діни мерекелерді атап өтеміз»,- деп қортындылады клуб жетекшісі.

Клуб басшысы атап өткендей, Алматы қаласының діни бірлестіктер жетекшілері Қазақстанның Дін туралы заңын әзірлеу барысында көп үлес қосқан.

Аталған клуб – Алматы қаласы қоғамдық даму басқармасы жанынан құрылған ерікті түрде кеңес беру ұйымы. Қазіргі таңда Алматыда 17 конфессия мен 180 діни бірлестік бар. 112 діни ғимарат қызмет көрсетуде. 4 рухани оқу орталығы жұмыс істейді.

Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Дін, Алматы,
Жоғары қарай