Ауа райы
Астана 22 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 414.13
EUR 451.40
RUB 5.80
CNY 58.03

Алматыда 3 оқушы батып кеткен су қоймасы қоршалады

2020 жылдың 20 ақпан 2020 17:51

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қаласының Алатау ауданы Теректі ауылындағы су қоймасы қоршалатын болды. Бұл су қоймасына мектепке бара жатқан 3 оқушы батып кеткен болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінде барлық су қоймалары бойынша санақ жүріп жатыр. Балаларға келуге тыйым салынады деген белгілер жасалып жатыр. Бізде жұмыс тобы құрылды. Болашақта су қоймаларын қоршайтын боламыз. Бірақ қалай екенін әзірге талқылап жатырмыз», - деді Алатау ауданының әкімі Азамат Қалдыбеков қоғамдық кеңесте өткен жиын барысында.

Айта кету керек, 13 ақпанда 13 жастағы үш оқушы Денис Мельников, Вадим Сизов, Сабыр Дүйсеғалиев мұзы жұқа көлдің үстімен жүреміз деп суға кеткен болатын.

Қайғылы оқиға бойынша полиция тергеудің басталғанын хабарлады.



Автор Гүлмира Ғосманәли
Басты сөздер: Алматы, Әкім,
Жоғары қарай