Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 389.75
EUR 434.26
RUB 6.12
CNY 55.05

Алматыда 5 мыңнан астам абонент жарықсыз қалды

2019 жылдың 20 қыркүйек 2019 14:38

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда бірнеше аудан электр жарығынсыз қалды. Қала әкімдігі себебін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«20 қыркүйекте Момышұлы мен Рысқұлов көшелерінің қиылысында жаңадан салынып жатқан мейрамхана жанында жерасты жұмыстарын жүргізу кезінде Нұркент 1-2 (Атлеттер ауылы) және Алмалы ықшамаудандарын, №201 мектеп пен балабақшаны электр жарығымен қамтамасыз ететін кабель зақымданған», - деп хабарлады әкімдіктен.

Соның салдарынан 5365 жеке және 44 заңды тұлға жарықсыз қалған. Апатты жоюмен «АЖК» АҚ-ның 3 арнайы техникасы және 5 жұмысшысы айналысуда. Кешкі сағат 19.00-де электр жарығы қайта берілетіні уәде етілді.


Жоғары қарай