Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 376.42
EUR 417.41
RUB 6.09
CNY 54.54

Алматыда 67 жастағы әйел мен баласы қандала өлтіретін құралдан уланып қалды

2019 жылдың 7 желтоқсан 2019 16:53

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда үйіндегі қандаланы дәрімен улаған анасы мен ұлы иіс тиіп, ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«1 желтоқсан күні қалалық ауруханаға 1952 жылы туған әйел мен 1987 жылы туған жігіт жеткізілді. Диагнозы – тыныс жолдарының жәндіктерді өлтіретін құралдан улануы. Уытты энцефалопатия. Қазіргі таңда пациенттер жедел жәрдем ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайлары ауыр. Тиісті ем-шара жүргізілуде», - деп мәлім етті Алматы қаласы тауар сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті.

Соңғы мәліметке сенсек, 30 қараша күні олар базардан сатып алған «Палач» атты қандала улайтын инсектицидті пәтерге сепкен.

Қазіргі таңда департамент тиісті іс-шараларды жүргізіп, аталмыш құралды зертханада тексеруден өткізуде. Көршілерден сұрақ-жауап алынды. Олардың денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.

Автор Жанат Қапалбаева
Басты сөздер: Алматы, Оқиға,
Жоғары қарай