Ауа райы
Астана 12 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 413.12
EUR 452.86
RUB 5.82
CNY 57.92

Алматыда АӘК-ті 2500 отбасы алды

2020 жылдың 25 ақпан 2020 17:13

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Атаулы әлеуметтік көмекті (АӘК) 2500 мың алматылық алды. Бұл туралы Алматы қаласы әлеуметтік әл-ауқат Басқарма басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Данияр Әлкебайұлы баспасөз мәслихаты барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда жыл басынан бері АӘК бойынша 10500 отбасыға консультациялық қызмет көрсетілді. 4 256 өтініш қабылданды, 3401 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды тағы 313 құжат учаскелік комиссияның қарауында. 2 533 отбасыға АӘК төленді.

«Өтініштерді қабылдау аудандық әлеуметтік әл-ауқат бөлімдерінде, Алматы қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және Алатау ауданының «Бақытты отбасы» орталығында жүзеге асырылып жатыр»,- дейді Данияр Әлкебайұлы.

Сонымен қатар, ол бос жүрген отбасы мүшелеріне жұмыс ұсынылатынын, егер олар жұмыстан бас тартса АӘК тағайындалмайтынын жеткізді.

«Атаулы әлеуметтік көмек әр отбасыға жеке есептеледі. Қала бойынша кедейлік шегі 26300 теңге шамасында, отбасының табысын адам басына шаққанда осы сомадан аспаса, ол отбасы АӘК құжат тапсыра алады. Соңғы өзгерістерге сәйкес енді отбасында бірге тұрып жатқан адамдардың да табысы есепке алынады», - деді ол.

Бұдан бөлек, 2020 жылдан бастап аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар үшін заттай қолдауды қамтитын кепілді әлеуметтік пакет қарастырылған.


Жоғары қарай