Ауа райы
Астана 4 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 435.54
EUR 473.08
RUB 5.76
CNY 61.64

Алматыда адамның бет-әлпетін анықтайтын камералар қайда орнатылады

2020 жылдың 11 қаңтар 2020 16:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алматыда адамның бет-әлпетті тану жүйесімен қамтылған камералар қайда орнатылатыны белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы қаласы Медеу ауданындағы микроучаскелердің бірінде құқық бұзушылықты төмендету мен қылмыстылықты анықтауға мүмкіндік беретін жаңа жүйені енгізу жоспарланып отыр. Жасанды талдау интеллектісі жобасы аудандағы құқық қорғау органдары, кәсіпкерлер және «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы арасында тиісті меморандумға қол қойылғаннан кейін іске асырылмақ», - делінген Медеу ауданы баспасөз қызметінің мәліметінде.

Бұл тек жан-жақты талқалаудан өтіп жатқан жобалардың біреуі ғана болып отыр. Бағдарламаның мақсаты – адамдар көп жиналатын орындарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

«Атап айтқанда, «ақылды камералар» қанатқақты режімде Көк базар периметрі бойынша онатылмақ. Бұл отандық өнімнің мүмкіндіктері адамдардың бет-әлпетін, нөмірлерді, көлікті, сондай-ақ қалып қойған заттарды анықтауға қауқарлы», - делінген хабарламада.


Автор Руслан Ғаббасов
Басты сөздер: Қоғам, Алматы,
Жоғары қарай