Ауа райы
Астана -17 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 383.95
EUR 429.26
RUB 6.16
CNY 55.02

Алматыда алкоголь өнімдерін шығаратын 14 жасырын цех анықталды

2019 жылдың 12 қараша 2019 10:12

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда алкоголь өнімдерін өндіретін жасырын цех анықталды. Сапасы күмәнді спирттік ішімдіктер Алатау ауданында шығарылып келген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеу департаментінің мамандары жедел іздестіру барысында жалған акциз маркалары жабыстырылған, нарықта өте өтімді арақ түрлерін өндіретін цех жұмысын әшкереледі.




Нәтижесінде алкогольді ішімдік құйылған 1800 бөтелке «Айдабульская», «Хаома», «Хаома зеренда», «Capital Black», «Белая Лошадь» ішімдігі, «Казахстан» коньягі және 4000 акциз маркасы мен 1300 тонна спирт тәркіленді.

Аталған ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, осы факті бойынша ҚР ҚК 233-бабының 2-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалып, соталды тергеу жұмыстары басталды.

2019 жылдың 10 айында Алматыда 14 жасырын цех анықталды. Заңсыз айналымнан 30 мыңнан астам бөтелке алынды. Сондай-ақ 10 тоннадан астам спирт тәркіленді.




Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Заң, Оқиға, Алматы,
Жоғары қарай