Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 389.34
EUR 428.78
RUB 6.05
CNY 55.45

Алматыда автобустардың саны 4 есеге көбейеді

2019 жылдың 25 маусым 2019 17:09

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімі Бауыржан Байбек қаладағы қоғамдық көліктердің саны 4 есе артатынын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Көлік саласында жүргізіліп жатқан реформа қаланың жылжымалы құрамын 80%-ға жаңартуға мүмкіндік берді. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 100 пайызға жеткіземіз. Бірақ, жол қозғалысының белсенділігін ескере отырып, жылжымалы құрамды 5 есеге көбейту ойда бар», - деді Бауыржан Байбек.



null



null

Әкім жыл соңына дейін 400 автобус сатылып алынатынын айтты.

Электробустарды шығаратын «FalconEurobus» зауыты ашылады. БРТ желісінің ашылуының арқасында жолаушылар жолға кететін уақытын үнемдеуге мүмкіндік алды.

Сонымен қатар, қоғамдық көлікке 122 км жолақ бөлінеді. Автобустардың 22 көшедегі жылдамдығы айтарлықтай артты.



null

Сонымен қатар, 2 метро стансасының құрылысы аяқталауға жақын.

Бауыржан Байбек 3 жылда 42 шақырым жол, ал биылдың өзінде 121 шақырым жол салынатындығын айтты.




null


null

Жоғары қарай