Ауа райы
Нұр-Сұлтан 17 °С
Алматы 29 °С
валюта бағамы
USD 383.43
EUR 429.83
RUB 5.96
CNY 55.39

Алматыда аялдамаға соғылған көлік жүргізушіне тағылған айып ауырлай түсті

2019 жылдың 18 наурыз 2019 18:17 845

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «Toyota  Corolla» көлігінің автобус аялдамасына соғылуы салдарынан тағы бір әйел қаза болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбектің айтуынша, жол апаты 16 наурызда Медеу ауданында болған.

Тәтібеков көшесімен шығысқа бет алған Toyota  Corolla жүргізушісі көлікті басқара алмай қалып, Reno Duster көлігіне соғылған болатын.

Сосын екпінімен келіп аялдамадағы үш адамды қағып, жекеменшік үйдің қоршауын қиратып тоқтаған.

Оқыс оқиға салдарынан аялдамада тұрған 31 жастағы әйел қайтыс болған еді.

Қалалық полицияның ресми өкілі Салтанат Әзірбектің айтуынша, осыған байланысты ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлімі негізінде қылмыстық іс қозғалған болатын. Бұл бір адамның өліміне әкелген жол апатын жасады дегенді білдіреді.

«Келесі күні аялдамада тұрған тағы бір әйел қайтыс болды. Сондықтан полиция аталған істің бабын ауыстырды. Енді жүргізуші ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлімімен айыпталып отыр. Яғни, 2 немесе одан көп адамның өліміне әкелген жол апатын жасады деген айыппен 29 жастағы жігіт қазір уақытша оқшаулау орнында отыр. Тергеу жалғасып жатыр», - деді ПД жергілікті полиция қызметінің өкілі Ерік Насырбеков.

 

 

 

 

 

 

 

 

Автор: Гүлмира Ғосманәли
Басты сөздер: Алматы, Оқиға, Көлік,
Жоғары қарай