Ауа райы
Астана -19 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 383.95
EUR 429.26
RUB 6.16
CNY 55.02

Алматыда әйел жолдағы көліктің әйнегін шағып тастады

2019 жылдың 23 қазан 2019 15:28

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат– Алматыда әйел өрт сөндіргішпен әйнекті сындырып тастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға 22 қазан күні Алматы қаласының Әуезов ауданында болған.

Алматы қалалық Полиция департаментінің хабарлауынша, қазіргі уақытта бұл факт Әуезов ауданының полиция басқармасында ҚРҚК 293-бабының 1-бөлімі бойынша тергелу үстінде.

«Тергеу барысында оқиғаның мән-жайы анықталып, құқықтық баға берілетін болады. Сонымен қатар, тиісті сараптамалық зерттеулер тағайындалады»,- деді департамент.

Автокөліктің терезесін шаққан әйелдің видеосы әлеуметтік желілерде жарияланды.




Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Алматы, Оқиға,
Жоғары қарай