Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 376.43
EUR 407.11
RUB 5.76
CNY 53.55

Алматыда бала күтуші 1,5 жасар сәбиді ұрып-соқты

2020 жылдың 20 қаңтар 2020 14:04

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда бала күтушінің қатыгез әрекеті әшкере болды. Әйел сәбиді ұрып жатқан сәт жасырын бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Бұл туралы Facebook-тегі Немолчи.kz-парақшасында жазылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Баланың ата-анасының айтуынша, көршілері олар жоқ кезде балалары көп жылайтынын айта бастаған. Сол себепті ерлі-зайыптылар үйге жасырын камера орнатқан. Кейін бейнежазбадан күтуші 1,5 жасар бүлдіршінді ұрып-соғатыны белгілі болды.

Ауруханада баланың басынан соққы алғаны, жұмсақ тіндерінің көгергені анықталды. Қазір бүлдіршінің тәбеті жоқ және түнде мазасызданады.

Ақпаратта атап өтілгендей, осы фактіге қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-бабы («Отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы заңсыз әрекеттер») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған. Жақында әкімшілік сот өтіп, судья істі қосымша тергеуге қайтарған. Бала күтуші Өзбекстаннан келгені белгілі.

Ал Алматы қалалық Полиция департаменті бұл іс бойынша ақпарат дайындалып жатқанын хабарлады.

«Қазіргі уақытта бейнежазба зерттеліп жатыр. Ақпарат дайындалуда», - деді департаменттің баспасөз қызметінен.


Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Аймақ, Қоғам, Оқиға, Алматы,
Жоғары қарай