Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 389.75
EUR 434.26
RUB 6.12
CNY 55.05

Алматыда балалы әйелге шабуыл жасаған ер адамға іздеу жарияланды

2019 жылдың 17 қыркүйек 2019 18:42

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы полициясы арбамен бала сүйреткен әйелді тапа-тал түсте тонап кеткен ер адамды іздеп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл қылмыс бойынша ҚР ҚК 191-бабының 2-бөлігіне сәйкес іс қозғалды. Жетісу аудандық полиция басқармасы 11 қыркүйекте кішкентай баласы бар 28 жастағы әйелді тонап кеткен азиат ер адамға іздеу салады. Күдікті шамамен 28-30 жаста. Бойы - 170-175 см. Үстіне ақ жолақтары бар көк түсті кеудеше, қара спорттық шалбар, аяғына көк түсті кроссовка, басына ақ кепка киген»,- деп хабарлайды Алматы қалалық ПД.

Полиция осы адамды көрген немесе танитын жандар болса, мына телефон нөмірлеріне хабарласуын өтінеді: 254-49-01; 254-49-02; 254-49-06; 8-702-870-06-95; 8-708-952-55-94 немесе 102.

Еске салайық, аталмыш оқиға Саяхат маңындағы ауладағы камералардың біріне түсіп қалған. Бұл видео әлеуметтік желіде тарады. Жәбірленушінің айтуынша, ер адам оның мойнындағы алтын алқасын жұлып әкеткен.



Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Алматы, Оқиға,
Жоғары қарай