Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы 9 °С
валюта бағамы
USD 376.43
EUR 407.11
RUB 5.76
CNY 53.55

Алматыда баланы ұрған күтушіге қатысты іс қозғалды

2020 жылдың 20 қаңтар 2020 21:46

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Әлеуметтік желіде кішкентай сәбиді күтушісінің ұрып жатқаны түсірілген видео тарады. Алматылық полицейлер осы әрекет бойынша қазір іс қозғады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Алматы қаласының Полиция департаменті күтушінің кішкентай баланы ұру әрекетін аумақтық бөлігі бойынша Әуезов ауданының полиция басқармасы тергеп жатқанын хабарлайды»,-делінген департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Тәртіп сақшыларының хабарлауынша, істің-мән-жайы анықталған соң 1981 жылы туған А. атты әйелдің әрекетіне құқықтық баға беріледі. Одан әрі оған қатысты заң бойынша тиісті шаралар қолданылатын болады.

Айта кетейік, осыған дейін Алматыда күтушінің 1,5 жасар сәбиді ұрып-соққаны ж асырын камераға түсіп қалғаны хабарланды.

Данияр Дәуіталиев


Автор Айдар Оспаналиев
Басты сөздер: Алматы, Оқиға,
Жоғары қарай