Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 381.10
EUR 420.81
RUB 5.65
CNY 54.57

Алматыда былтыр 12 мыңнан астам отбасы 7 млрд теңге АӘК алды

2020 жылдың 24 қаңтар 2020 15:25

АЛМАТЫ.ҚазАқпарат - Алматыда өткен жылы 12 мыңнан астам отбасыға 7,1 млрд теңге атаулы әлеуметтік көмек берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елімізде атаулы әлеуметтік көмек 2018 жылдың қаңтарынан бастап енгізілді. Бұл – аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсету тетіктері. Алматы әкімдігі 2019 жылы 12,7 мың отбасыға 7,1 млрд тг көлемінде АӘК көрсетті. Бұдан өзге, аз қамтылған және көпбалалы отбасылардағы 22 мыңнан астам оқушы тегін тамақпен қамтамасыз етілген»,-деп хабарлады Алматы қаласының әкімдігі.

Сонымен қатар, аз қамтылған азаматтарға егер отбасының жиынтық табысының шығыны 10 пайыздан асатын болса, онда белгіленген нормативтер аясында тұрғын үй-коммуналдық шығындарын төлеуге көмек көрсетіледі.


Жоғары қарай