Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Алматыда Денис Тенді еске алуға арналған халықаралық турнир өтеді

2019 жылдың 12 қыркүйек 2019 22:31

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 10-13 қазан күндері Алматыда Денис Тен атындағы мәнерлеп сырғанаудан халықаралық турнир өтеді. Denis Ten Memorial Challenge жарысы «Халық Аренада» болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық Олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

Жарысқа ISU барлық мүшесі қатыса алады. Медальдар екі жас санатында ойнатылады – жасөспірімдер және ересектер.

Сайыс бағдарламасында жеке және жұптасып сырғанау, спорттық би бар. Оған қатысу үшін өтініштер 19 қыркүйекке дейін берілуі тиіс. Турнирдің бірінші күнінде жасөспірімдер, сондай-ақ ерлер арасындағы жарыстарда қысқа бағдарлама өтеді.

Denis Ten Memorial Challenge сайысы жұптар мен мұзда би билеу нөмірлерімен аяқталады.


Басты сөздер: Алматы, Спорт, Аймақ, Денис Тен,
Жоғары қарай