Ауа райы
Астана 22 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 386.04
EUR 427.77
RUB 5.88
CNY 54.45

Алматыда екі аудан ыстық судан ажыратылады

2019 жылдың 9 шілде 2019 16:00 1078

 АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Наурызбай және Медеу аудандарында 3 қазандықтың жөндеуге жабылатынына байланысты 10 күн бойы бірқатар аудандар ыстық судан ажыратылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Премьера», «Облыстық аурухана», «Еламан» қазандықтарында жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты 9-15 шілде аралығында Атбасар - Талғар тас жолы - Бригадная - Демченко, Буровая - Рысқұлов - Құлжа тас жолы, «Атырау-1» шағын ауданында; 9 - 30 шілде аралығында Сұраншы батыр - Белжайлау - Строительная - Жақыбаев көшелері ауданында ыстық  су болмайды. Жөндеу жұмыстары қыста апат санын азайтып, тұрғындарға шығынсыз жылу жеткізу мақсатында жүргізіліп отыр. Түсінікпен қарауларыңызды сұраймыз», - деді Алматы жылу желілері компаниясынан.

Айта кету керек, бұған дейін Алатау ауданы мен Жетісу ауданында бірқатар тұрғын үй кешені ыстық сусыз қалған болатын.

Сондай-ақ  Бостандық және Наурызбай аудандарында суық су беру тоқтатылғандығы туралы хабарланды.

 

 

 

 

 

 

Автор Гүлмира Ғосманәли
Басты сөздер: Оқиға, Алматы,
Жоғары қарай