Ауа райы
Астана 22 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 414.13
EUR 451.40
RUB 5.80
CNY 58.03

Алматыда электронды биржа арқылы тұтынушылардың ақшасын жымқырған басшы ұсталды

2020 жылдың 23 мамыр 2020 14:35

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – «TeleTrade Central Asia» ЖШС басшысы алаяқтық фактісі бойынша ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тергеу барысында ол өңірлерде филиал ашып, менеджерлер жалдап, электронды биржада қомақты қаржы табуға болатыны туралы уәде беру арқылы тұтынушыларды тартып, одан кейін олардың ақшамын жымқырған.

Қазіргі уақытта полицияға 70-тен астам зардап шегуші шағымданған.

«TeleTrade Central Asya« ЖШС және TeleTrade D.J. Ltd-дан басқа да зардап шеккендер болса ІІМ Тергеу департаментіне хабарласуды сұрайды», - делінген ҚР ІІМ баспасөз хабарламасында.


Жоғары қарай