Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 447.60
EUR 489.41
RUB 5.71
CNY 63.05

Алматыда «Еңбек» бағдарламасы аясында 647,3 млн теңгеге 41 шағын несие берілді

2020 жылдың 14 ақпан 2020 14:13

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында Бостандық ауданының әкімі Алтай Рақымбетов 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары бойынша есеп берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алтай Рақымбетовтің айтуынша, Бостандық ауданында 29 714 кәсіпорын тіркелген, оның ішінде іске қосылып тұрғандары – 17 359. Ал басым бөлігі көтерме-бөлшек сауда – 33% (10700), ғылыми-техникалық қызмет – 12% (4500), құрылыс - 9% (3150) және т. б. салаларда.

Шағын және орта бизнесті қолдау мен дамыту үшін бірқатар бағдарламалар іске асырылып жатыр.

«Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау және дамыту мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысында ауданда жалпы сомасы 9,4 млрд теңгеге 17 жоба субсидияланды. Мемлекеттік гранттарды өтеусіз негізде ұсыну бойынша жалпы сомасы 20,7 млн теңгеге 14 жоба мақұлданды. Ал «Еңбек» бағдарламасы аясында аудан бойынша жалпы сомасы 647,3 млн теңгеге 41 шағын несие берілді»,- дейді Алтай Рақымбетов

Өткен жылы Бостандық ауданында көпбалалы отбасыларды қолдау мақсатында «Бақытты отбасы» орталығы ашылды. Сонымен қатар, «Іскер ана» жобасы бойынша 20 көпбалалы анаға демеушілердің қолдауымен, өз бизнесін дамытуға арналған жабдықтар сатып алынды.

«Almaty Business-2025» кәсіпкерлікті дамыту аймақтық бағдарламасы аясында «Qolday» кәсіпкерлік орталығы құрылды. Оған өткен жылы 300-ден астам кәсіпкер жүгінді, жалпы сомасы 1,5 млрд теңге болатын жобалар мақұлданды»,- дейді аудан әкімі.

Сонымен қатар, ол әлеуметтік қорғау шараларымен 6 209 адамның қамтылып, оның 4 332-сі тұрақты жұмысқа орналасқанын атап өтті.

«Халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын 6 740 адам жалпы сомасы 124 млн теңгеден астам әлеуметтік төлем алды. Оның ішінде, 32,3 млн теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек 641 аз қамтылған отбасыға, яғни 2 978 адамға берілді»,– деп толықтырды есеп беру барысында Алтай Рақымбетов.


Жоғары қарай