Ауа райы
Нұр-Сұлтан 16 °С
Алматы 25 °С
валюта бағамы
USD 384.05
EUR 432.79
RUB 5.96
CNY 55.46

Алматыда есірткі шегіп алып көлік айдаған жүргізуші ұсталды

2019 жылдың 20 наурыз 2019 23:13 769

 АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы «Қарасу» постында есірткіге есі кеткен күйінде көлік жүргізген жүргізушіні тоқтатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, құқық қорғау органдарына «Лада» жүргізушісінің қылығы күдікті көрінген.

Полицияның тоқта деген талабына жүргізуші тоқтамаған.

«Күдікті жүргізуші аулалардың арасымен қаша жөнелген. Екі кварталдан соң ол ұсталды. Оның жүргізуші куәлігі жоқ болып шықты. Сондай-ақ тінту кезінде оның қалтасынан жасыл түсті өсімдік типтес зат табылды. Бұл зат химиялық сараптамаға жіберілді. Аталған іс Алатау аудандық полиция басқармасының қарауында болған. Күдік туғызған жүргізушіге медициналық куәландыру жасалды. Нәтижесінде оның есірткі шегіп алғаны анықталды. Қазір әкімшілік іс материалдары ауданаралық мамандандырылған сот қарауына жіберілді», - деді қалалық Полиция департаменті жергілікті полиция қызметінің полк командирі Манап Саттаров.


null



null  

 

 

Жоғары қарай