Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 389.59
EUR 429.06
RUB 6.05
CNY 55.07

Алматыда есірткіні жарнамалаған екі ер адам ұсталды

2019 жылдың 20 қыркүйек 2019 10:09

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Есірткі заттарын жарнамалады деген күдікпен екі адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жібек жолы көшесінде орналасқан кеңселердің бірінің қызметкерлері полицияға бірнеше рет хабарласқан. Олар белгісіз біреулердің есірткі жарнамасын ғимараттың қасбетіне және терминалдың бетіне іліп кеткенін айтқан.

«Бүгін кеңсе күзетшілері күдікті екі адамды байқап қалып, учаскелік инспекторға хабарлады. Бұл адамдар банкоматтың қабырғасына трафаретты қолдану арқылы есірткінің жарнамасын жабыстырған. Екеуіде полицияға жеткізілді. Азамат М. Түркістан облысының тумасы 2000 жылы дүниеге келген. Екінші күдікті 1997 жылы туған Х., Алматы облысының тумасы. Ұсталғандардың айтуынша, олар жарнама үшін күніне 15 мың теңге тапқан. Олардың міндеті халық көп жиналатын жерлерге 30 жазбаны жабыстыру болған», - деді Медеу ауданының полиция басқармасының бастығы Болат Тотыбаев.

Айта кетсек, ұсталған екі күдікті бұған дейін де ұрлық және бопсалаушылық үшін жауапқа тартылған.


Жоғары қарай