Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 376.43
EUR 407.11
RUB 5.76
CNY 53.55

Алматыда есірткіні жарнамалаған көше суретшісі қамауға алынды

2020 жылдың 21 қаңтар 2020 14:11

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қаласы Бостандық ауданының полициясы есірткі құралдары мен психотроптық заттарды таратуға тыйым салған сайттардың атын жарнамалаған 25 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған А. есімді азаматқа есірткі құралдары, психотроптық заттар мен олардың аналогтарын насихаттау және заңсыз жарнамалау айыбы тағылды.

«Есірткіні насихаттағаны немесе заңсыз жарнамалағаны үшін қылмыстық жауапкершілікті белгілейтін жаңа заңға сәйкес, ұсталған азамат ҚР ҚК 299-1 бабы бойынша бас бостандығынан айырылады. Ол тыйым салынған сайттардың атын көпқабатты үйлер мен өзге де үй-жайлардың қабырғаларына арнайы спрей бояу арқылы жазған. Әрине, ол осы қызметі үшін ақша алған. Бұл үшін заң 3 жылдан 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалды» - деді Бостандық аудандық полиция басқармасының бастығы Дәурен Өтебаев.


Жоғары қарай